Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
© Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысында полицейлер алтын кенін заңсыз өңдеу бойынша екі шағын цехты анықтап, жойды. Атап айтқанда, Заводская және Ақсу елдімекендерінде заңсыз өндіріс ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қымбат металдардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында полиция қызметкерлері заңсыз өндірісті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтады.
Тергеу іс-шаралары шеңберінде үй-жайлардан арнайы жабдық пен құрамында алтын бар материал тәркіленді.
"Ауыл тұрғындары кенді өңдеуге арналған арнайы үй-жайларды жабдықтап, заңсыз өндірісті өз бетінше ұйымдастырғаны алдын ала анықталды. Екі факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада.
Бұған дейін бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойып, өліп қала жаздағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 10 қазан 2026
Алматы облысында 10 жылдан бері жол салуға кедергі болған мәселе шешілді
-
15:40, 10 қазан 2026
Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
-
15:08, 10 қазан 2026
Түркияда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына бақылау күшейтіледі
-
14:36, 10 қазан 2026
Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады
-
14:04, 10 қазан 2026
Жетісайдан Шымкентке жол апатынан зардап шеккен ер адам тікұшақпен жеткізілді





