Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
© Фото: zakon.kz
Соңғы күндері қоғамда мектеп оқушыларының орамал тағуына қатысты мәселе қайта көтерілуде. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы балиғат жасына жеткен мұсылман қыздардың мектеп формасына үйлесімді орамал тағуына мүмкіндік берілуі керек деп есептейді. Біздің пайымымызша, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі келтірмеуі керек. Білім беру ұйымдарының мұсылман қыздардың діни ұстанымына түсіністікпен қарауы мектептерді лицензиядан айыруға негіз болатын мәселеге айналмағаны жөн. Осы себепті ҚМДБ мұндай шаралардың қолданылуын құптамайды", делінген басқарманың Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімдемесінде.
Орамал мәселесі қоғамда жылдар бойы талқыланып келе жатқанын еске салған басқарма оны тек тыйым салу немесе әкімшілік шаралар арқылы шешу қоғамдағы түсінбеушілікті тереңдете түсуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан ҚМДБ Оқу-ағарту министрігіне және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға мектеп формасының талаптарын сақтай отырып, балиғат жасына жеткен мұсылман қыздардың орамал тағуына мүмкіндік беретін нақты құқықтық тетікті қарастыруды ұсынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 11 қазан 2026
Қазақстандық спортшы таеквондодан Парижде өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
17:23, 11 қазан 2026
«Жаңбыр жауып, тұман түседі». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:58, 11 қазан 2026
«Билеттер шамадан тыс сатылған». Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды
-
16:58, 11 қазан 2026
Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды





