«Ливерпуль» мен «Арсенал» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
© Сурет: instagram/championsleague
2026 жылғы 10 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турдың матчтары аяқталды. "Ливерпуль" "Атлетикомен" ойнаса, "Наполи" "Арсеналмен" кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Championat.com басылымының мәліметінше, "Ливерпуль" мен "Атлетико" арасындағы кездесу Ливерпульдегі "Энфилд" стадионында өтті.
Матчта "Ливерпуль" футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі алғашқы голды 17-минутта "Атлетико" қорғаушысы Маркос Льоренте соқты. 40-минутта "Ливерпуль" жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи есепті теңестірді. Ал 50-минутта Алексис Мак Аллистер командасына екінші голды әкелді.
Италиялық "Наполи" мен ағылшындық "Арсенал" арасындағы ойын Неапольдегі "Диего Армандо Марадона" стадионында өтті.
Матч "Арсеналдың" 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
75-минутта кездесудегі жалғыз голды "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор соқты.
Еске салайық, 2026 жылғы 8 қыркүйекте Мадридтің "Реалы" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда өз алаңында миландық "Интерді" жеңді. Есепті Килиан Мбаппе ашты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:02, 8 қазан 2026
Қазақстандық үш таеквондошы Париждегі Гран-приге қатысады
-
18:20, 8 қазан 2026
Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ
-
18:10, 8 қазан 2026
«Қайрат» көшбасшысы Қазақстанға оралып, жаңа келісімшартқа қол қойды
-
17:20, 8 қазан 2026
Балаларын Испанияға футбол турниріне жібермек болған ата-аналар 24 млн теңгеден айырылды
-
16:20, 8 қазан 2026
2032 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды





