Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңіліс көрмеген файтерлер тізіміне енді
© Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов танымал MMA Uncensored ресурсының нұсқасы бойынша UFC ұйымындағы жеңіліс көрмеген спортшылар тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында жеңіліс жоқ.
"UFC-дің төрт файтері әлі де мінсіз көрсеткішке ие! Америкалық Джош Хокит (10-0), эквадорлық Майкл Моралес (19-0), қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) және америкалық Томми Макмиллен (12-0) ММА-дағы кәсіби мансабында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген", – деп жазды MMA Uncensored.
Жинақ авторлары қарсыластар деңгейі өскен сайын жеңіліссіз көрсеткішті сақтап қалу спортшылар үшін қиындай түсетінін де атап өтті.
Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған: сегізінде нокаутпен, тағы онында қарсыласын берілуге мәжбүрлеу арқылы жеңген.
Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жалғыз жеңісіне әзірге соңғы жекпе-жегінде қол жеткізді. Ол 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне себеп болды. Содан бері Рахмонов октагонға шыққан жоқ.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик пен жеңіліс көрмеген UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда көз арбасып, әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарын аударған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:23, 28 қазан 2026
Instagram-да 90 минуттық видео жүктеу мүмкіндігі сынақтан өтуде
-
09:51, 28 қазан 2026
Өскеменде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам зардап шекті
-
09:15, 28 қазан 2026
«Қазгидромет» сегіз қалада ауа ластанатынын ескертті
-
09:03, 28 қазан 2026
Астанада шетелдік жолаушы жарылғыш зат туралы әзілдеп, рейстен түсірілді
-
22:26, 27 қазан 2026
Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды





