«Қазгидромет» сегіз қалада ауа ластанатынын ескертті
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, яғни 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл туралы синоптиктер ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесімі.
Сондай-ақ "Қазгидромет" елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер бірнеше өңірде үсік, шаңды дауыл және тұман болатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:51, 28 қазан 2026
Өскеменде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам зардап шекті
-
09:35, 28 қазан 2026
Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңіліс көрмеген файтерлер тізіміне енді
-
09:03, 28 қазан 2026
Астанада шетелдік жолаушы жарылғыш зат туралы әзілдеп, рейстен түсірілді
-
22:26, 27 қазан 2026
Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды
-
22:14, 27 қазан 2026
Қарызға ақша берумен заңсыз айналысқан елордалық кәсіпкер сотталды





