«Шалқия» кен орны қайта жандана бастады

23:18, 19 қазан 2017

Сыр өңіріндегі «Шалқия» кенішін игеруде тиімділігі жоғары жаңа технология пайдаланылады. Кәсіпорында руда тік конвейерлі әдіспен өндірілмек.

Соңғы 3 жылда ұлттық компанияның еншісіне өткен кен орны қайта жандана бастады. 

Бүгін айтулы жобаның жұмыс барысын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев саралады

«Шалқия» кенішін жаңғырту жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталды. Ол кезде 40 жыл тоқтап тұрған шахтаны қайта іске қосу мүмкін еместей көрінген. Дегенмен кеніш басындағы бүгінгі қызу тірлік оның мүмкіндігі зор екенін айқындап тұрғандай.

Талғат Сұлтанбеков, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ басқарма төрағасы: 

– Энергоүнемді жаңа технологияларды қолданамыз. Соның арқасында жобада көрсетілген экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. 

Кеніш аумағында келер жылы кен байыту фабрикасының құрылысы басталмақ. Бүгінде алдын ала руда қоры әзірленуде. Өндіріске қажет инфрақұрылым желілері де тартылып жатыр.

Рабиға Омарова, «Шалқия Цинк ЛТД» жобалар жөніндегі басқарушы директор:

– Ұзақ жылдар бойы тоқтап қалған өндірістің бойына қайта қан жүгірту үшін көп жұмыс жасалды. Бұл жерде игерілетін руда терең өңделетін болады және қажетті металлдың үлесі айтарлықтай артады.

Кәсіпорында 670 адам жұмыс істейді. Ал жаңа фабрика салына бастағанда 3 мыңдай жұмыс орны ашылады. Жоба толық іске асқанда 1,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады. Шалқияда 2019 жылы 2 миллион, ал 2021 жылы  4 миллион тонна руда өндірілуі тиіс.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!