Сертификаты жоқ стоматолог 345 баланы емдеп, МӘМС қорынан миллиондаған теңге алған
© Фото: pexels
Ақмола облысының Степногор қаласында балаларды емдеуге арналған сертификаты жоқ стоматологтың кәмелетке толмағандарға медициналық көмек көрсеткені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы прокуратурасының 2026 жылғы 27 қазандағы мәліметінше, "Viamedis" ЖШС филиалының стоматологы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен ақы төленген медициналық қызметтерді 345 кәмелетке толмаған науқасқа көрсеткен.
Негізсіз төленген қаражаттың жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады. Прокуратура іске араласқаннан кейін бұл сома мемлекет кірісіне толық қайтарылды.
Бұған дейін Павлодарда стоматологқа барғаннан кейін үш жасар қыздың комаға түсіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 27 қазан 2026
27 қазанда доллар бағамы тағы өсті
-
15:51, 27 қазан 2026
Алматыда күніне төрт энергетик ішкен ер адамның асқазаны тесіліп, шұғыл ота жасалды
-
15:27, 27 қазан 2026
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылардың рекордтық санын жинады
-
15:20, 27 қазан 2026
Астанада қар, Алматыда жаңбыр жауады: Шымкентте ауа температурасы +20°С-қа дейін көтеріледі
-
14:49, 27 қазан 2026
Қазақстанда алтын 16%-ға арзандады: сатқан дұрыс па, әлде бағаның өсуін күткен жөн бе





