Алматыда күніне төрт энергетик ішкен ер адамның асқазаны тесіліп, шұғыл ота жасалды
© Фото: pexels
Алматыда күніне төрт банкаға дейін энергетикалық сусын ішкен жас жігітке шұғыл ота жасалып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 2026 жылғы 27 қазанда қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, іші қатты ауырған жас жігіт Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Дәрігерлер перитонитпен асқынған асқазанның тесілген ойық жарасын анықтады. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Хирургтер асқазан қабырғасындағы тесікті тігіп, құрсақ қуысын тазартты. Емнен кейін науқастың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды", – деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Науқастың айтуынша, ол бірнеше ай бойы күн сайын 3–4 банка энергетикалық сусын ішкен.
Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының хирургі Ілияс Сағиев энергетикалық сусындар асқазанның тесілуіне тікелей себеп болды деп тұжырым жасауға болмайтынын ескертті. Дегенмен дәрігердің айтуынша, мұндай сусындарды шамадан тыс тұтыну асқазан-ішек жолына кері әсер етуі мүмкін.
Әсіресе асқазан аурулары бар адамдарға сақ болған жөн.
Айта кетейік, 2026 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет хирургтер асқазанға роботтандырылған ота жасағаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматы онкологиялық орталығында дәрігерлер үлкен хирургиялық тілік жасамай-ақ асқазанның бір бөлігін алып тастаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:39, 27 қазан 2026
Қазақстанда алкогольге ПИН-код беру тәртібі өзгереді
-
16:27, 27 қазан 2026
Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау қағидалары өзгерді
-
16:15, 27 қазан 2026
Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді
-
16:04, 27 қазан 2026
27 қазанда доллар бағамы тағы өсті
-
15:27, 27 қазан 2026
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылардың рекордтық санын жинады





