«Сергектің» машақаты: төленген айыппұлдар кері қайтарылады

10:18, 12 желтоқсан 2019

Өскеменде ақауы бар "Сергек" камерасы тіркеген заңбұзушылықтар үшін алынған айыппұлдар өз иесіне қайтарылады. Бұл туралы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап, zakon.kz хабарлайды.

Желтоқсан айының басында жылдамдықты арттырғандары туралы ескерту хабарлама алған облыс орталығының автокөлік иелері таң-тамаша болған. Олар заң бұзбағандарын айтып, құзырлы органға жаппай шағымданған. Жаппай арыз арнайы тексеруге себеп болды, нәтижесінде көшеде тұрған бейнебақылау таспалары шынымен дұрыс жұмыс істемегені анықталды. Бейнебақылау жүйесін орнатушылар өз қатесін мойындады және төленген айыппұлдар үшін ақшаны қайтаруға уәде етті.

- Бірқатар объективті себептерге байланысты бұл мәселені бірден анықтау мүмкін болмады, бірақ біз ақыры оны шештік. Заңсыз ескертулер алған барлық жүргізушілерге қоңырау шалынып, ақшаны қайтару тәртібі бәріне түсіндірілді, - дейді Көркем Телеком компаниясы филиалының директоры Алексей Снегур.

Ешкім ешқайда бармайды, ештеңені дәлелдеп, сотқа жүгінуге мәжбүр болмайды. Бұл - стандарттан тыс жағдай, сондықтан бюджетке түскен заңсыз айыппұлдар көлік иесінің картасына немесе банктік шотына кері аударылады.

Бірақ Өскеменде орнатылған "Сергек" камераларына тек жүргізушілер арасында ғана емес, сонымен қатар көпқабатты үйдің тұрғындары арасында да наразылар кездеседі.

- "Сергек" тура менің пәтерімнің алдында тереземе қарап тұр. Пердені ашсаң, қасқайып тура қарап тұрады өзіңе.

Ер адам біреу төбеңнен қарап тұрған секілді ыңғайсыз екен, үйде бірнәрсе істейін десең өз-өзіңнен қуыстанасың дейді. Бұл туралы өскемендік әлеуметтік желіде жазыпты. Бірақ ол бірнеше сағаттан кейін үйінің алдындағы "Сергектің" жоқ боп кететінін күтпесе керек. Ол басқа жерге ауыстырылып қойылыпты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!