Семейде үш бірдей бүлдіршін пәтерде қамалып қалды

09:31, 9 қаңтар 2025

© Фото: МЧС РК

Семейлік құтқарушылар Қарағайлы ықшам ауданында пәтерде жалғыз қалып қойған кішкентай бүлдіршіндерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2025 жылдың 9 қаңтарында таң сәріде болған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен кіреберіс есігін ашты. Пәтерде 2013, 2019 және 2022 ж.т. балалар болды.

"Олар зардап шеккен жоқ. Балалардың ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді",- делінген ТЖМ ақпаратында.

Бұған дейін Қостанайлық құтқарушылардың бір жасар балаға көмекке келгендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!