Еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды

21:44, 8 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылғы 8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының (Жаңа Қордай асуы) бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, аталған тас жолдың 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу ескі Қордай асуында енгізілетін болады.

Сондай-ақ 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 21:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" тас жолының 276-325 шақырымы, Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Айта кетсек, синоптиктер 9-11 қаңтар аралығында Қазақстанда циклон жүретінін ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!