Семейде құрбысын сабаған бір топ қыз өз әрекеттерін видеоға түсірген

19:08, 17 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Әлеуметтік желіде қатарластарының бірін сабаған бір топ қыздың видеосы тарады. Видеода олар жапа шеккен қызды өздерін сырттай сөз қылғаны үшін жазалағандарын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі бұл видео полицейлер назарына да ілікті. Осылайша Семей қаласының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтады.

"Кәмелетке толмағандарды ата-аналарымен бірге орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ересектердің қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Материалдар Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына тәрбие міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелгені де нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!