«Ауыл телеком» ауылдарды Интернетке қосу үшін FWA-ны сынақтан өткізуде
© Сурет: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алматы облысындағы Сарыбай би ауылына барды.
Бұл ауылда "Ауыл телеком" компаниясы тұтынушылардың үйіне 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықты интернет өткізетін Fixed Wireless Access (FWA) технологиясын сынақтан өткізуде.
Сурет: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіСыналып жатқан технология интернеті жоқ ауылдарды байланыспен қамтуға бағытталған, сондай-ақ ауылдардағы WiFi, ADSL, CDMA EVDO сияқты ескірген технологияларды жаңғыртпақ. Атап айтқанда, Сарыбай би ауылында "Ауыл телеком" компаниясы ADSL технологиясын FWA-ға ауыстырды.
Осылайша, ауылдағы үйлерге 200-300 Мбит/с жылдамдықтағы интернетке қосатын жабдық орнатылған, осыған дейін ескірген ADSL технологиясын пайдаланып келген 129 үй шаруашылығының 105-і кең жолақты сымсыз қолжетімді желіге (КЖСЖ) сәтті көшті. Бұл үйлердегі интернеттің сапасы мен жылдамдығын едәуір арттырды.
Сурет: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіСарыбай би тұрғындары интернет байланысының сапасы олардың күнделікті өмірін едәуір жақсартқанын атап өтті. Технология білім алу, онлайн жұмыс істеу және адамдардың бір-бірімен қашықтан араласуы үшін жаңа мүмкіндіктер берді, бұл ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін жақсартудың маңызды қадамы.
"Жоба қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жою үшін заманауи технологияларды қалай пайдалануға болатынын көрсетеді. Желіні жаңғырту бағытында қолға алған жұмысымыздың ақталғанын көріп отырмыз, әрі тұрғындар оң бағасын беріп жатыр", — деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Сурет: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі"Біз еншілес ұйымдарымыздың бірі "Ауылтелекомның" жұмысын ауылдарды жоғары жылдамдықты интернентпен қамтамасыз етуге бағыттадық. Ауылтелеком қазір оңтайлы технологияларды анықтап, ауыл тұрғындарының сапалы интернетке қол жеткізуі үшін жұмыс істеуде. Сарыбай би ауылындағы тестілеу FWA – заманауи сымсыз технологиясы ауылдық жерде жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ете алатынын көрсетті", — деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
"Ауыл телекомның" FWA желісі қазірдің өзінде 3 ауылды қамтып отыр, онда 200-ден астам үй шаруашылығы желіге қосылған, әрі жаңа абоненттерді қосу процесі жалғасуда. Қаңтар айында желі тағы 3 ауылда қолжетімді болады, ал 2025 жылы "Ауыл телеком" 100-ден астам ауылды желіге қосуды жоспарлап отыр, осылайша тағы 10 мыңнан астам ауыл тұрғыны заманауи интернетпен қамтылатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 3 сәуір 2026
Сарапшы доллар бағамы 440 теңгеге дейін түсуі мүмкін екенін болжады
-
22:33, 3 сәуір 2026
Астаналық оқушылардың ас мәзіріне бешбармақ енгізілді
-
22:20, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл
-
21:40, 3 сәуір 2026
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді
-
21:39, 3 сәуір 2026
Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды





