Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды

21:57, 17 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Израиль үкіметі басшысының кеңсесі Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күнін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар осы жексенбіде, 19 қаңтарда босатылуы керек.

"Әскери-саяси кабинет пен үкіметтің шешіміне, сондай-ақ келісімнің күшіне енуіне байланысты кепілге алынған адамдарды босату шарасы жоспарланғандай, жексенбіде іске асырылуы мүмкін", делінген Израиль үкімет басшысы Нетаньяху кеңсесінің хабарламасында.

Бұған дейін 17 қаңтарда Израиль мен ХАМАС әскери іс-қимылдарды тоқтатуға келісіп, Израильдің кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!