ІІМ бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
© Сурет: ҚР ІІМ
Қаңтарда Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартты.
Петропавл қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.
Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған. Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады.
Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша жүзеге асырылуда.
"Өткен жылы полиция қызметкерлері 500-ден астам бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай факт Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 млн теңге талап еткен. Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі болып табылатынын атап өткен жөн", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды