Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

14:04, 17 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Астанада тұратын ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі.

Осылайша, Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерге төленетін төлемақы мөлшері екі жарым есеге өсіп отыр. Қазір елорда да 6 ардагер тұрады.

Бұдан басқа соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға атсалысқандарға 176 940 теңге қарастырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!