Семейде су құбыры жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды
© Фото: pexels
Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы апатқа байланысты беске жуық көппәтерлі тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, 2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында орын алған.
Оқиға орнына "Семей Водоканал" МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.
"2025 жылы 17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) су қосылмады. Аварияны жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды",- делінген ақпаратта.
Әкімдік қалпына келтіру жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Бұған дейін Алматы облысындағы мектептерге жөндеу жүргізген құрылысшылардың жалақысыз қалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 17 қаңтар 2025
Ауа райы болжамы: 18 қаңтарда қай өңірлерде қар жауатыны болжанады
-
18:18, 17 қаңтар 2025
Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отынына қолданылатын мемлекеттік реттеудің күшін жоймақ ниетте
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездесті
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентін қабылдады
-
17:37, 17 қаңтар 2025
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы қызметінен босатылды