Семейде қатты асыққан әйел теміржол бойында опат болды

22:48, 14 сәуір 2025

© Сурет: видеодан алынды

Семейдегі теміржол өткелінде жүк пойызының астына түсіп, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аbainewskz порталының мәліметінше, қайғылы оқиға "Жансая" базары маңындағы теміржол өткелінде болған. Әйел асығып, тоқтап тұрған жүк пойыздарының астынан өтпек болады. Алайда, бірнеше секундтан кейін, сағат 16:22-де құрам қозғала бастайды, сөйтіп көп тонналық вагон доңғалақтары әйелді іліп әкетіп мыжып өтеді. Сол маңдағы оқиға куәгерлері жүгіріп келіп, доңғалақ астындағы оны суырып алады, бірақ өкінішке қарай әйел адам алған ауыр жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды.

Көліктегі полиция департаменті Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", деп нақтылады ведомстводан.

Бұған дейін Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алғанын хабарлағанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!