Шерзат Полаттың ісі: куәгер мылтықты кім атқанын айтты

© Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 28 сәуірінде Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта, куәгер Нұрбекова "Қамажай" дүкенінің алдында болған қайғылы оқиғада мылтықты кім атқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында куәгер Эльмира Нұрбекованың жауап алуы жалғасты. Қорғаушылар одан кісі өлтіру оқиғасы болған күні бірнеше рет мылтық атқан адамның бейнесін сипаттап беруін сұрады. Оның айтуынша, бұл марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Гаепбаев болған.
"Ол сақалды ер адам еді, басында кепка, үстінде сұр түсті футболка немесе жейде, қара спорттық шалбар болды. Алдымен оны суреттен таныдым. Кейін беттестіру барысында тағы көрдім. Тегін есіме түсіре алмаймын. Ол шатаспасам жәбірленуші тараптан, марқұм баланың ағасы", – деді Эльмира Нұрбекова.
Сонымен қатар, Нұрбекова Шерзат Полаттың әжесі Жұмабек Қадирова болған оқиғаны видеоға түсіргенін де еске түсірді.
"Сот процесін көрген кезде, оны бір жерден көргенімді есіме түсірдім. Ол әйел орамал тағып алған болатын, содан мен оның марқұм баланың әжесі екенін түсіндім, ол бәрін видеоға түсіріп жатты. Мен оған "неге түсіресіз, оның орнына жедел жәрдем шақырыңыз" деп айттым", – деді Эльмира Нұрбекова.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.
Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.
Ал, басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Енді куәгерлер сот алдында жауап беруде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр