Шымкенттегі Қошқар ата өзені ластанып барады
© Сурет: pixabay
Шымкентте Қошқар ата өзені ластанып, жағалауы күл-қоқысқа толып барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экобелсенділер су арнасына төгілген қалдықтарды тазартудың орнына бетін қиыршық тастармен көму жұмыстары жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда. "Хабар" телеарнасының ақпаратынша, салдарынан су деңгейі төмендеп кеткен.
Биыл сала мамандары Қошқар ата өзенінің 26 нүктесінен сынама алған. Зертханалық талдау қорытындысына сәйкес, фауна мен экожүйеге зақым келгені анықталып отыр.
"Бұл Қошқар ата өзенінің үстіне дейін адамдар үй салып тастаған. Адам болғаннан кейін қалдықсыз болмайды. Ол жерде сұйық қалдық болуы мүмкін, қатты қалдықтар болуы мүмкін. Былтырмен салыстырғанда, аздап ластану фактілері бар. Сумен ағып кетеді деп ойлайды. Ал бірақ оның арғы жағын ойламайды". Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы
Жергілікті билік өкілдері өзен бойын абаттандыру арқылы мәселені шешуге болатынын айтады. Биыл жағалаудың 3,5 шақырымы табиғи тау тастарымен нығайтылып, табаны тазартылмақ. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1 млрд 400 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ заңсыз салынған қосалқы нысандар мен қоршаулар бұзылып, жерді қайтару ісі қолға алынбақ.
"Қошқар атаның жанынан қазір көріп тұрғандарыңыздай, 3 метрге дейінгі аралықты ғана аламыз. Максималды түрде ағаштарды кеспей, табиғи ландшафтты қалдырып, нығайту жұмыстарын жүргіземіз". Мұрат Әбдірахманов, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары
Мердігер анықтанып, құрылысты аяқтауға 8 ай уақыт берілмек. Алайда экобелсенділер оған дейін қоғамдық тыңдау өткізіп, жобаны талқылауды өтініп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





