Қазақстандық бизнестің ТМД нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай жасайтын келісім ратификацияланды
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 28 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Айта кетсек, аталған келісімнің негізгі міндеттері ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еркін сауда аймағының орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасының одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау белгіленген.
"Келісімнің тараптарына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясы кіреді. Қазақстан Республикасының Ресеймен, Қырғызстанмен, Армениямен және Беларусьпен қызметтерін сату шарттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттеледі. Тәжікстанмен қызметтер саудасы олардың Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелерінде көзделген шарттармен жүзеге асырылады. Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымының және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі емес, сондықтан бұл келісім қазақстандық бизнестің Өзбекстан қызметтері нарығына преференциялық қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі", - деді сенатор Серік Шайдаров 17 сәуірдегі Сенат отырысында.
Келісім шеңберінде инвестор мен келісім тарапы арасындағы инвестициялық дауларды шешу тетігі көзделген.
Қызметтердің еркін саудасы туралы келісімнен күтілетін әсер:
- қазақстандық қызметтер үшін өткізу нарығын кеңейту. Оның ішінде, өзбек нарығына қолжетімділікті оңайлату қазақстандық компанияларға көрші елде өзінің қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қызметтер экспортының көлемін ұлғайтады;
- сауданы ырықтандыру – импорт көлемінің өсуіне мүмкіндік береді, өзара сауданың көлемін өсіреді;
- кедергілер мен әкімшілік шектеулердің төмендеуі бизнестің көршілес нарыққа белсенді шығуына мүмкіндік береді. Бұл қызмет көрсету саласына инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





