Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

13:18, 28 сәуір 2025

© Сурет: unsplash

Сарапшылар телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

aqparatsaqsysy Telegram-арнасы смартфондарда маңызды ақпараттар бар екенін жазды, атап айтқанда: құжаттар, банк қосымшалары, жұмыстың хат-хабарлары, жеке фотосуреттер, байланыс деректері және алаяқтар өз мақсаттарына пайдалана алатын басқа да мәліметтер.

Осы деректерді қорғау мақсатында мамандар бірқатар ұсыныстр жасады.

1. Смартфонға құлып қойыңыз.

Көпшілік бұл қорғаныс әдісі білгенімен елемей жатады. Саусақ ізін сканерлеу немесе бет-бейне арқылы ашу функцияларын орнатыңыз. Егер биометриялық әдістерге сенбесеңіз, құпиясөз немесе тым болмаса PIN-код орнатыңыз.

2. Қолданбаларға берілетін рұқсаттарға мұқият болыңыз.

Әрбір жаңа қолданбаны алғаш рет іске қосқанда, жүйе одан микрофонға, камераға, жадқа, геолокацияға және контакттарға қол жеткізу рұқсатын сұрайды. Осы сәтте, қолданбаны тезірек іске қосу үшін рұқсаттарды ойланбай бере салмай, мұқият болыңыз. Өйткені, кейбір рұқсаттар қолданбаның дұрыс жұмыс істеуі үшін емес, тек деректер жинау немесе жарнама мақсатында қажет болуы мүмкін.

3. Антивирус орнатыңыз!

Заманауи мобильді операциялық жүйелерде зиянды бағдарламалардан қорғауға арналған кіріктірілген құралдар бар. Алайда, тыңшылық бағдарламалардан қорғану үшін қосымша антивирус орнату артық етпейді. Бұл әсіресе ашық жүйелі Android құрылғылары үшін өзекті.

Avast Mobile Security, Norton Mobile Security немесе McAfee Mobile Security секілді антивирус қосымшаларын жүктеуге болады. Әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, бірақ ең бастысы — олар зиянды бағдарламалар базасын тұрақты түрде жаңартып отырады.

Бұған дейін қазақстандықтарға телефон алаяқтарының жаңа толқыны туралы ескертілгендігі хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!