Алматыда ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыдағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі.
Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің).
Сондай-ақ, депутаттар Ерболат Досаевтың тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын мақұлдады.
"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері арттырылады: 21 ҰОС ардагеріне – 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне – 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін", – деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов.
Шешімді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.
Төлемді қаланың аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына берген тізімдеріне сәйкес өтінішті талап етпей аударады.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 12 сәуір 2026
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:37, 12 сәуір 2026
Қайғылы оқиғаға ұласқан көлік ұрлығы: Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты
-
16:59, 12 сәуір 2026
13 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:31, 12 сәуір 2026
Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған
-
15:54, 12 сәуір 2026
Атырау – Құлсары арасында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кетті





