Саясат Нұрбек магистратура грантынан үміттілерге маңызды ақпарат айтты
© Фото: magnific
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратураға түсушілерге 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының нәтижелері қашан жарияланатынын айтты.
Министрдің мәліметінше, магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамында министрлік, мемлекеттік органдар, білім саласы кәсіподақтары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеген.
Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, гранттар қолданыстағы қағидаларға сәйкес конкурстық негізде бөлінген.
Биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", сондай-ақ "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болған.
Конкурстық іріктеу нәтижелері 24 тамыз күні сағат 15:00-де министрдің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін қоса алғанда жүргізілетінін еске салды.
Министр магистратураға түсушілерге сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашуына тілектестік білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 22 тамыз 2026
Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды
-
13:05, 22 тамыз 2026
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті
-
12:51, 22 тамыз 2026
S&P Қазақстанның рейтингін 10 жылда алғаш рет көтерді
-
12:23, 22 тамыз 2026
Саясат Нұрбек магистратур грантынан үміткерлерге маңызды ақпарат айтты
-
11:52, 22 тамыз 2026
22 тамызда Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде валюталар қанша тұрады





