Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды
© Сурет: zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 19:00-де Қазақстан халқына үндеу жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияртің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі.
"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды. Президенттің үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі", – деп жазды Айбек Смадияр.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы биыл 23 тамызда өтетінін мәлімдеген еді.
Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан бір палаталы парламентке көшіп, оның атауы Құрылтай болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:09, 21 тамыз 2026
Президент: Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт болады
-
19:07, 21 тамыз 2026
Тоқаев: Сайлауға қатысу – ел тағдырына бейжай қарамаудың белгісі
-
19:03, 21 тамыз 2026
Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында ел халқына үндеуінде не айтты
-
19:03, 21 тамыз 2026
Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында ел халқына үндеу жасады
-
18:19, 21 тамыз 2026
БҚО-да ауласына қарасора өсірген тұрғын ұсталды





