Астанада 83 көлік пен арнайы техниканы аукционға шығару жоспарланып отыр
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 21 тамызда мәслихат отырысында Қалалық активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Жандос Дәулетов мемлекеттік органдардың ескі техникаларын аукцион арқылы сатуға шығару жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жандос Дәулетовтің айтуынша, әкімдік басқармалары мен оған қарасты ұйымдар бұдан былай пайдаланылмайтын немесе жарамсыз мүліктерді есептен шығаруды ұсынған.
"Біз оларды сатылымға шығаруды ұсынамыз. Бұл қала бюджетін толықтырып, бюджетке қосымша түсім түсіруге мүмкіндік береді. Жекешелендіру E-qazyna веб-порталы арқылы аукцион немесе тендер форматында жүргізіледі", – деді ол.
Жалпы, оның айтуынша, сатылымға 83 автокөлік пен арнайы техника шығарылады.
"Слайдтан көріп отырғандарыңыздай, бұл – ескі көліктер", – деп қосты ол.
Сондай-ақ Сембинов көшесі, 1/6 мекенжайында орналасқан жер учаскесі бар тұрғын үйді де аукционға шығару жоспарланып отыр.
"Біз оны өз баланымызға қабылдап, кейін жекешелендіруді ұсынамыз. Бұл – ескі үй. 2012 жылы "Жана Курылыс" компаниясынан мемлекеттік меншікке қабылданған. Инвесторға оны іске асыру үшін аукционға шығаруымыз керек. Бағалауын жүргізіп, соған сәйкес бастапқы құнын белгілейміз. Үйдің ауданы – 82 шаршы метр. Жер учаскесінің көлемі – төрт немесе бес сотық. Ғимараттың құны – 12 млн теңге, жер учаскесінің құны – 29 млн теңге", – деді Жандос Дәулетов.
Бұдан бөлек, Алматы ауданының әкімдігі 164 сауда павильонын жекешелендіру туралы хат жолдаған. Олар кезінде аудан аумағына заңсыз орналастырылған. Сот шешімінен кейін павильондар бұзылып, аудан әкімдігінің балансына берілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:04, 21 тамыз 2026
Атырауда полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті
-
21:42, 21 тамыз 2026
22 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:55, 21 тамыз 2026
Магистратура грантының нәтижесі қашан жарияланады
-
20:08, 21 тамыз 2026
Қазақстандық теннисшілер Roland-Garros Junior Series финалына жолдама үшін таласады
-
19:44, 21 тамыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 22 және 23 тамыз





