Қазақстанда сайлау қарсаңында 21 заң бұзушылық анықталды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 21 тамызда Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов сайлау кезеңінде анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол қазақстандықтардың қандай заң бұзушылықтарға жол бергенін де түсіндірді.
"Сайлау науқаны басталғалы бері министрлік Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзу белгілері бар материалдарды таратудың шамамен 21 фактісін анықтады. Оның негізгі бөлігі бұған құқығы жоқ тұлғалардың қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуімен, сондай-ақ заңнамада оларды жариялауға тыйым салынған кезеңде қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелері қамтылған материалдарды орналастырумен байланысты", – деді Қанат Ысқақов.
Оның айтуынша, қалған заң бұзушылықтар материалдарды дұрыс таңбаламауға немесе мүлде таңбаламауға қатысты.
"Алдымызда тыныштық күні мен дауыс беру күні тұр. Бұл күндері де заң бұзушылықтар болады деп күтпейміз. Сондықтан ондай жағдайға жол берілмейді деп сенеміз", – деп қосты вице-министр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:19, 21 тамыз 2026
БҚО-да ауласына қарасора өсірген тұрғын ұсталды
-
18:00, 21 тамыз 2026
Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды
-
17:35, 21 тамыз 2026
Шағын бизнесті субсидиялау ережелері өзгерді
-
17:10, 21 тамыз 2026
Астана, Алматы және Шымкентте демалыс күндері ауа райы қандай болады
-
17:07, 21 тамыз 2026
Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды





