Санитар дәрігерлер мектеп формасын таңдау бойынша кеңес айтты

10:59, 9 тамыз 2022
131

© Сурет: Zakon.kz

Дұрыс киім баланың денсаулығы үшін маңызды дейді Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары. Мектеп формасын сатып аларда бала киіммен 5-6 сағат немесе одан да көп уақыт жүретінін ескеру қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға нұсқаулық әзірледі. Олардың айтуынша, баланы мектепке қамдау кезінде дұрыс өлшемді киімді таңдап, балаға кез келген жағдайда ыңғайлы болуын қадағалаған жөн. Киім баланың қозғалысын шектемеуі керек, тым тар болмағаны дұрыс.

Баланың мектеп формасы техникалық регламенттер бойынша  биологиялық және химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін табиғи материалдардан жасалуға тиіс. Баланың терісі тыныс алуы және аллергиялық реакциялар тудырмауы үшін ең жақсы гигиеналық қасиеттері бар табиғи талшықтардан (жүн, мақта, зығыр, жібек) және вискозадан жасалған маталарды таңдаған жөн, – делінген Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Матаның құрамы мынадай болуы керек:

- киімнің үстіңгі қабаты кем дегенде 35% табиғи талшықтан немесе вискозадан болуы қажет;

- киімнің асты (подкладка) екінші қабат ретінде 100% табиғи талшықтан немесе вискозадан болуы керек;

- блузкалар мен жейделер кем дегенде 65% табиғи талшықтан немесе вискозадан болуы керек.

Гигиеналық ережелерді сақтау мақсатында бір аптада ауыстырып киетіндей бірнеше мектеп киімін алу ұсынылады. Сонымен қатар ауыстырып киетін аяқкиім алған жөн. Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды сатып алу абзал болады. Қозғалыстар шектелмеуі үшін аяқкиімнің табаны икемді болуы керек. Киім мен аяқ иімге қойылатын гигиеналық талаптарды сақтау білім беру ұйымының қабырғасында балаға қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Мектепке арналған сөмкені (рюкзак) дұрыс таңдау – сколиоз, остеохондроз, грыжа және тағы басқа бірқатар аурулардың алдын алудың негізгі шараларының бірі.

Сөмке таңдау кезінде мына ұсыныстарды ұстануға кеңес береміз:

- арнайы жақтауы бар, қатты ортопедиялық арқасы бар рюкзак таңдаған жөн. Баланың омыртқасында деформация болмау мақсатында, арқаға салмақ пен қысымды біркелкі түсіру қажет. 

- белдіктер кең және ұстағанға жағымды материалдан жасалған болуы қажет;

- тұтқалардың ұзындығын өзгертуге болатындай және бала оны тек екі белдікте, бел мен мойынды қыспай арқаға кию керек;

- мектеп сөмкесінің (рюкзактың) өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес болуға тиіс; 

- сөмке таңдау кезінде күнге шағылысатын бөлшектерге назар аударған жөн, себебі түнгі немесе кешкі уақытта жүргізушілерге баланы байқау оңайырақ болады.

- оқу құралдарынсыз мектеп сөмкесінің салмағы 1 килограмнан аспауы керек, баланың жалпы салмағының көп дегенде 10%-ына тең болуы қажет. Мысалы:

1-3 сыныптар - 1,5 -2 келіге дейін,

4-5 сыныптар - 2-2,5 келіге дейін,

6-7 сыныптар - 3-3,5 келіге дейін,

8 -11 (12) сыныптар - 4-4,5 келіге дейін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!