Салық есебін тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 21 қыркүйекте аяқталады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 2026 жылғы 21 қыркүйекте салық есебін тапсыру және бірқатар салықтарды төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" ақпараттық жүйесі 2026 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей мына есептіліктерді тапсыру қажет екенін еске салды:
- 328.00-нысан – 2026 жылғы тамыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00-нысан – 2026 жылғы тамызда жер учаскелерін пайдалану туралы шарт жасалған немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алынған жағдайда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдері сомаларының есебі;
- 870.00-нысан – 2026 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы декларациясы.
Сонымен қатар мына салықтар мен төлемдерді төлеу қажет:
- 2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
- 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан тауарлар импорты бойынша акциз;
- 2026 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 18 қыркүйек 2026
«Күн райы күрт бұзылады». Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
-
17:43, 18 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан көгалдағы хоккейден Малайзия құрамасынан ұтылып қалды
-
17:35, 18 қыркүйек 2026
«Жылдамдығы сағатына 90 шақырым». Алматыда электросамокатпен құйғытқан ер адам опат болды
-
17:19, 18 қыркүйек 2026
Алматыда LRT-ның алғашқы рельстері төселе бастады
-
16:50, 18 қыркүйек 2026
Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді





