«Қатты жел соғады». Еліміз бойынша 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

18:20, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567455

© Фото: zakon.kz

2026 жылғы 18 қыркүйекте, жұмада солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан Қазақстанның басым бөлігіне жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.

Республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады.

"Түнде және таңертең Қазақстанның батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!