Ресей өзінің жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды доғара бастады
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанға Ресейден жеткізілетін автокөліктер көлемі кәдеге жарату алымы мөлшерлемесіне қатысты өзгеріс күшіне енгеннен кейін күрт азайып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, маусым айында Ресейден әкелінген осындай көліктер импортының жалпы құны небәрі 72 долларды құрады, деп хабарлайды Mash.
"Тіпті, 2026 жылдың сәуір айында ресейлік автоөнеркәсіптің қазақстандық нарыққа тауар жеткізудегі айлық көлемі 5,5 млн долларға бағаланған болатын. Ал арадағы соңғы екі ай ішінде импорт құны іс жүзінде нөлге жақындады", делінген жарияланымда.
Қазақстан нарығындағы бұл жағдай Ресей мен Беларусьтен келетін автокөліктерге арналған кәдеге жарату алымы коэффициенттері қайта қаралғаннан кейін орын алып отырғаны да нақтыланады.
"2026 жылғы 8 мамырдан бастап бұл елдерден келетін шағын литражды автокөліктердің коэффициенті 3,5-тен 136-ға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде бір автокөлік үшін кәдеге жарату алымының мөлшері жекелеген жағдайларда 29,4 млн теңге немесе шамамен 5,5 млн рубль болуы мүмкін екен. Осы жағынан алғанда, импорт шарттарының өзгеруі ресейлік автомобиль брендтерінің қазақстандық нарықтағы жағдайына да әсер етті. Тамыз айына қарай Lada Қазақстандағы ең көп сатылатын автомобиль маркаларының үздік жиырмалық тізімінен шығып қалды. GAZ бен UAZ сатылымы да ондаған пайызға қысқарды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұл ретте жаңа шектеулер енгізілгенге дейін де Ресей Қазақстанның автокөлік импортында үстем орын алған емес. Тұтастай алғанда, 2025 жылы елімізге 236,9 мың автокөлік әкелінді, оның ішінде ресейлік көліктердің үлесіне 6 874 данасы тиесілі. Бұл – жалпы импорттың шамамен 2,9%-ы.
Бұған дейін Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 17 қыркүйек 2026
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің алдында оқ атылды. Полиция не дейді?
-
21:45, 17 қыркүйек 2026
«Менің кім екенімді білесің бе?». Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған бойжеткен ұсталды
-
21:30, 17 қыркүйек 2026
«Үсік жүріп, тұман түседі». Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
20:58, 17 қыркүйек 2026
Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады
-
20:58, 17 қыркүйек 2026
Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге қатысты мәлімдеме жасады





