Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің алдында оқ атылды. Полиция не дейді?
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 17 қыркүйекте кешке Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Полиция бұл оқиға салдарынан ешкім жарақат алмағанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Редакцияға хабарласқан оқиға куәгерінің айтуынша, аталған жайт Кенесары көшесіндегі "Қазақстан" дүкені маңында болған.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өздеріне тұрғын үй ауласында естілген оқ дыбыстарына байланысты қоңырау түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары дереу жетті. Алдын ала анықталғандай, тұрғын үйдің ауласында мас күйдегі жастар тобы өздерін агрессивті ұстаған. Үй тұрғындарының бірі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында газ тапаншасымен ескерту түрінде ауаға оқ атқан", делінген ведомствоның Zakon.kz тілшісіне берген түсіндірмесінде.
Барлық қатысушылар оқиға орнында ұсталып, полицияға жеткізілді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі қала тұрғындарының жарақат алғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз", – дейді полиция өкілдері.
Бұған дейін Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған бойжеткеннің ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 17 қыркүйек 2026
Ресей өзінің жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды доғара бастады
-
21:45, 17 қыркүйек 2026
«Менің кім екенімді білесің бе?». Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған бойжеткен ұсталды
-
21:30, 17 қыркүйек 2026
«Үсік жүріп, тұман түседі». Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
20:58, 17 қыркүйек 2026
Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады
-
20:58, 17 қыркүйек 2026
Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге қатысты мәлімдеме жасады





