ШҚО-дағы қайғылы оқиға: кісі өлтірді деген күдікпен оқушы бала қамауға алынды

18:54, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567460

© Сурет: Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысында әйел адамның өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл ретте ауыр қылмыс жасады деген күдікке кәмелетке толмаған жасөспірім ілігіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зайсан ауданындағы қайғылы оқиға жайлы мәлімет алдымен 2026 жылғы 17 қыркүйекте әлеуметтік желіде тараған болатын. Аталған жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін редакция құқық қорғау органдарына жүгінді.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық фактіні растап, күдікті ретінде оқушының қамауға алынғанын хабарлады.

"Аталған фактіге сәйкес, Зайсан аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде ("Кісі өлтіру") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", деп жауап берді ШҚО ПД Zakon.kz тілшісіне.

Ведомство қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын баса атап өтті.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін болған оқиғаның мән-жайы әзірге жария етілмейді.

Айта кетсек, Алматы облысында ер адам мас күйде туған әкесін өлтіріп алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!