Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды
© Фото: zakon.kz
Әзірбайжан территориясында ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әзірбайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, премьер-министр Әли Асадов қаулыға қол қойды, деп жазады Anadolu.
Қаулыға сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына және одан туындауы ықтимал салдарларға жол бермеу мақсатында республикадағы ерекше карантин режимінің мерзімі 2027 жылдың 2 қаңтарына дейін ұзартылды.
Айта кетсек, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдардағы жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы қаулыға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:42, 18 қыркүйек 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді
-
14:25, 17 қыркүйек 2026
Аустралияда жасөспірімдер хайуанаттар бағына кіріп, қолтырауынға шабуыл жасаған
-
12:35, 17 қыркүйек 2026
Екі жасар бала әкесінің соққысынан комаға түсті
-
12:14, 17 қыркүйек 2026
2027 жылғы «ғасыр тұтылуы» қай елдерде көрінетіні белгілі болды
-
12:05, 17 қыркүйек 2026
«Ұшырып әкетуі мүмкін»: ғалымдар Жердегі ең желді жерлерді атады





