Алматыда LRT-ның алғашқы рельстері төселе бастады
© Сурет: Instagram/lrt.almaty
Бүгін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісінің (LRT) алғашқы рельстерін төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Видеода жұмысшылар рельстерді төсеп, монтаж жұмыстарын орындауда.
"Момышұлы көшесі, Мөңке би көшесінен оңтүстік бағытында, Д.А.Қонаев атындағы мешіттің шамасындағы учаскеде рельс төсеу жұмыстары", делінген видео сипаттамасында.
Ұзындығы 18,3 шақырым болатын бұл жол Төле би және Момышұлы көшелерімен, сондай-ақ Абылай хан даңғылымен өтеді. Құрылыс шамамен 36 айға созылады. Жұмысты аяқтау, желіні 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Алматыда жүргізіліп жатқан LRT құрылысының 375 инженерлік коммуникацияға әсер ететіні белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 18 қыркүйек 2026
Мәскеу – Астана рейсінде масаң күйдегі шетелдік азамат лаң салған
-
17:57, 18 қыркүйек 2026
«Күн райы күрт бұзылады». Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
-
17:43, 18 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан көгалдағы хоккейден Малайзия құрамасынан ұтылып қалды
-
17:35, 18 қыркүйек 2026
«Жылдамдығы сағатына 90 шақырым». Алматыда электросамокатпен құйғытқан ер адам опат болды
-
16:58, 18 қыркүйек 2026
Салық есебін тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 21 қыркүйекте аяқталады





