Рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты шағымнан соң 100-ден аса іс қозғалды
© Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану, билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерге қатысты келіп түскен 148 шағым бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, - деді арнайы брифингіде Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі күні прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 148 шағым келіп түсті. 105-сі бойынша қылмыстық іс қозғалды (91 тыйым салынған тергеу әдістері және 14 лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану бойынша). Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Қилымжановтың айтуынша, оның ішінде әлеуметтік желілерде айтылған Атырау облысында «Динамо» стадионында орын алған жағдайлар, Алматы облысында Батырбаевқа қатысты және басқа да фактілер бар.
Брифинг кезінде осындай оқиғалардың жан-жақты, толық тексерілуін қамтамасыз ету үшін, олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне (104) және арнайы прокурорларға (1) тапсырылғаны айтылды.
Тағы да ескертейін, прокурорлар шағымдар мен арыздар, сондай-ақ интернет арқылы таратылған барлық ақпараттарды тексеруде. Қазіргі кезде осындай фактілер бойынша 10 қылмыстық іс тергелуде. Олар бойынша 3 жалған ақпарат таратушы анықталып, оның біреуі қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Ол Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ететінін нығарлап айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 2 мамыр 2026
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:15, 2 мамыр 2026
Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады





