Ерекше жаза: Түркияда рэперді қамаудың орнына әдебиет оқу курсына жіберді
© Сурет: Instagram/lvbelc5
Түркияның Ыстанбұл қаласында сот қоғамның адамгершілік қағидаларына қарсы қылмыс жасады деген іс бойынша рэпер Сүлейман Бурак Бодурды (Lvbel C5) қамауға алу туралы прокуратураның өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sabah басылымының жазуынша, музыкант жауап алу кезінде алғашқы шағымдардан кейін әнді барлық платформадан өшіргенін айтқан. Сондай-ақ ол ән мәтіндері шығармашылық қиялдың жемісі екенін және зорлық-зомбылыққа шақырмайтынын мәлімдеген.
Сот рэпердің қашып кету қаупі жоқ екенін ескеріп, оны қамауға алудан бас тартқан. Алайда оған қатысты ерекше бұлтартпау шарасын қолданған. Полицияға тұрақты түрде белгіленіп тұру және шетелге шығуға тыйым салумен қатар, рэперге түрік әдебиетіне қатысты оқу курсынан өту міндеттелген.
Бұған дейін АҚШ-тың атышулы рэпері Шон "Дидди" Комбстың (P. Diddy) басынан жарақат алғаннан кейін ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған едік. Ол Нью-Джерси штатындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 13 қазан 2026
Ядролық сынақтар жүргізілген жер учаскелерін зерттеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
14:04, 13 қазан 2026
«Цифрлық үкімет» ұсынатын цифрлық платформалар тізбесі жаңартылды
-
13:53, 13 қазан 2026
Алтын арзандап жатыр: бірі шығынға батса, енді бірі пайда табуға дайындалуда
-
13:42, 13 қазан 2026
Данияда мұғалімдерге мектепте тәртіп сақтау үшін оқушыларға күш қолдануға рұқсат берілуі мүмкін
-
13:38, 13 қазан 2026
БҚО-да сот төрт баланы анасынан алып, әкесіне берді





