Германияда робот жасөспірімге жыныстық сипаттағы тиісу әрекетінен кейін тәркіленді

12:30, 13 қазан 2026
MKZ: 1572037

© Сурет: pexels

Германияның Кельн қаласында полиция биіктігі 1,2 метр болатын роботты тәркілеп, жыныстық сипаттағы тиісу дерегі бойынша қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиға фастфуд мейрамханасының жанында болған. Екі жасөспірімнің (16 және 19 жастағы) басқаруындағы қызыл түсті робот 16 жастағы қызға артынан жақындап, жыныстық қатынасқа ұқсас қимылдар жасаған

Оқиға әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп, робот иелері оған қатысты пікірлер жазған.

Күдіктілер құрылғыны көліктің жүксалғышына жасыруға тырысқанымен, полиция оларды жедел ұстап, роботты тәркіледі.

Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында робототехника өндіретін зауыттар ашылатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!