Робот-гуманоидтар алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтауда
© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Қабанбай батыр көшесінен бастап Төле би көшесіне дейінгі алаңда гуманоидты роботтарды кездестіруге болады. Олар қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ тақиясы мен шапанын киген роботтар көшеде еркін серуендеп, балалардың ғана емес, ересектердің де қызығушылығын тудыруда. Қала тұрғындары гуманоидтармен естелік суретке түсіп, билеп, қол алысып амандасып, оларды видеоға түсіріп жатыр.
"Сонымен қатар Панфилов көшесінде ескі пластик заттардан жасалған стационарлық роботтар да қойылған. Олар да өзіне ерекше назар аударып, көрермендердің қызығушылығын тудырды. Бұдан бөлек, мерекелік алаңда даяшы-роботтар, робот-аспаз және бариста-робот жұмыс істеуде. Олар бауырсақ дайындап, қонақтарға кофе ұсынып, тапсырыстарды жеткізуде. Қала тұрғындары мен туристер олардың қызметін қуана пайдаланып жатыр", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Панфилов көшесінің ортасына жарықдиодты экрандармен жабдықталған кинетикалық туннель орнатылды. Бұл арт-нысан жарқын реңкті ою-өрнектер арқылы өтіп бара жатқан адамдардың қимылдарын қайталайды, бұл нысан фото мен бейнетүсірілімдер үшін ерекше фонға айналды.
"Мерекелік алаңда садақ атып, виртуалды форматта мергендік қабілетті сынауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ VR-гарнитура арқылы өткен ғасырларға саяхат жасауға болады. Жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, ұлттық нақышта өңделген фотосуретке түсіп, оны бірден телефонға жүктеуге болады".

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Зияткерлік ойындарды ұнататындар "Ой-Думан" шоуына қатысып, робототехника көрмесін тамашалай алады.
Айта кетерлігі, бұл алаңда виртуалды аватар – Ғалымжан да бар. Ол Наурыз мейрамын атап өтіп жүрген алматылықтардың сұрақтарына жауап беріп, іс-шаралар бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, халықпен әңгімелесіп, құттықтау тілегін жаудыруда.
Осы Nauryz Almaty Vibe фестивалі арқылы Панфилов көшесі жаңа технологиялар мен дәстүрлердің әдемі үйлескен ерекше орталығына айналды.
Фестиваль 21-22 наурызда сағат 10:00-ден бастап 22:00-ге дейін жалғасады.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілер көшесінде сахна орнатылып, онда лайв-бэндтер мен диджейлер өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік атмосфера сыйлауда.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 14 наурыз 2026
Атырау облысында 12 мың орындық стадионның құрылысы басталды
-
12:54, 14 наурыз 2026
14 наурыздағы валюта бағамы қандай
-
12:05, 14 наурыз 2026
Астаналық фельдшерге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды
-
11:40, 14 наурыз 2026
Алматыда кеміргіштерге қарсы көктемгі науқан басталады
-
11:11, 14 наурыз 2026
Батыс Қазақстан облысының әкімі өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады





