Атырау облысында 12 мың орындық стадионның құрылысы басталды
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда 12 мың көрерменге арналған заманауи стадион құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдегі ірі жобалардың бірі. Ол аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нысан Атырау-2 шағын ауданында шамамен 10 гектар аумақта орналасады. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жер телімі тегістеліп, құрылыс техникасы жұмылдырылуда. Айта кетейік, нысан құрылысы Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Тілепбергеннің айтуынша, стадион UEFA IV санатына сай салынып, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермек.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Кешеннің орталық бөлігі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өлшемі 105×68 метр болатын футбол алаңы болады. Трибуналар шатырының ең биік нүктесі 28 метрді құрайды. Сонымен қатар стадионда халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған орындар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 200 орын қарастырылған. Трибуналардың астында спортшылар мен келушілерге арналған функционалдық аймақтар, соның ішінде бокс, күрес, йога, велоспорт, теннис және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар орналасады. Стадионның құрылымы тек футбол матчтарын ғана емес, регби және америкалық футбол жарыстарын өткізуге де қолайлы", – деді Дархан Тілепберген.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жобаны іске асыру мерзімі – 18 ай. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ҰҚК назарына ілікті





