РФ Президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсімі өтті

14:22, 7 мамыр 2024

© Сурет: видеодан алынды

2024 жылғы 7 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ресми түрде Мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Кремльде инаугурация рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент лауазымын қабылдауда Путин Ресей Конституциясына қолын қоя отырып, Ресей халқына ант берді.

Ресей Президенті елді 6 жыл басқарады. Инаугурация рәсімі Кремльдегі Үлкен сарайда өтті.

РФ Президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсімі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2024 14:22

Сурет: видеодан алынды

2024 жылғы Ресей Президенті сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтті. Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путиннің өткен сайлауда 87,28% дауыс жинады, оған 76 миллион 277 мың 708 адам дауыс берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!