Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді

10:11, 21 қараша 2024

© Фото: pexels

Астрахань облысының Камызяк қаласында мектептегі қысымға шыдамаған он алты жасар оқушы өзіне бензин құйып, өртеп жіберді. Алған жоғары дәрежелі күйік салдарынан бақилық болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astrakhanpost мәліметінше, жасөспірім 18 қараша күні кешке Камызяк шетіндегі Табола шағын ауданында өзен жағасынан табылған. Тірідей жанып жатқан жігітті көршісі байқап қалып, сөндіре бастады. Алайда жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 10:11

Сурет: "Атипичная Астрахань", "Астрахань Новости"

Әлеуметтік желі қолданушылары қаршадай баланың мұндай күйге түсуін мектептегі буллингпен байланыстырды. Жігітке қысым тек қатарластарының тарапынан ғана емес, мұғалімнің тарапынан да болған көрінеді. Қазір істің мән-жайын құзырлы органдар анықтауда.

Жағдайға Астрахан облысының Білім және ғылым министрі Мария Шалак түсініктеме берді. Оның айтуынша, министрлікте оның басшылығымен арнайы комиссия құрылды, олар "тергеу комитетінің қызметкерлеріне оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда көмек көрсетеді".

Бұған дейін Павлодар облысында өртке оранған ғимараттан ер адамның мүрдесі табылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!