Павлодар облысында жыл басынан бері 20-дан астам есірткі қылмысы анықталды
© Фото: Zakon.kz
Өңірдегі есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыс нәтижелері туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Павлодар облысы ПД бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов мәлімдеді.
Нашақорлыққа қарсы күрес үш негізгі бағытта жүргізілуде: есірткінің заңсыз айналымы мен қолжетімділігін қысқарту, қоғамда тыйым салынған заттарды заңсыз тұтынуға және олардың заңсыз айналымына қатысуға саналы түрде теріс көзқарас қалыптастыру.
"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері өңірде 21 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 13– есірткі сату дерегі, 1– аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Сондай-ақ халықты есірткінің заңсыз айналымы мен оны тұтынуға тартатын есірткілік контентті анықтау және бұғаттау бойынша кешенді шаралар жүргізілді", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Ведомство мәліметінше, тыйым салынған ақпарат тарататын сайттарға қолжетімділікті уақтылы шектеу ерекше маңызға ие. Өңірдің есірткіге қарсы күрес бөлімшелері қаңтар айында "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесінде есірткі дүкендерінің заңсыз жарнамалаумен айналысқан 125 аккаунтты бұғаттады. "Антифрод" жүйесіне 6 қазақстандық банк картасы және 4500 шетелдік карта-шот бұғаттауға енгізілді, деанонимизациялау үшін 22 сұрау жолданды.
"Алдын алу мақсатында волонтерлер, спортшылар, белсенді жастар тартылып, олар студенттер мен оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, есірткі жарнамаларын бояп жабу бойынша флешмобтар мен челлендждер ұйымдастыруда. Полицияның негізгі күштері жоғары технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын есірткінің заңсыз айналымына жол бермеуге бағытталған, сондай-ақ есірткі құралдары мен жаңа психоактивті заттардың таралуына қарсы жұмыс күшейтілді", – деп атап өтті спикер.
Тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тәркілеумен қатар, жуырда заңсыз айналымнан алынған 44 келі есірткі заттарын жою бойынша кезекті іс-шара өткізілді. Болат Нұрсейітов сондай-ақ 2025 жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізілген Әкімшілік кодекстің жаңа нормасы – 440-1-бапқа яғни есірткі құралдарын, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну бойынша түсініктеме берді. Өткен жылы полиция 231 дерек анықтаса, жыл басынан бері 21 дерек тіркелген.
"Бұл шаралар есірткі тұтыну фактілерін анықтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған", – деп нақтылады полиция өкілдері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 28 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізд
-
14:18, 28 қаңтар 2026
Ақкенженов АИ-92 бензин сапасына және АИ-95 бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
-
14:09, 28 қаңтар 2026
ҚР Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қазасынан кейін қолға алынған шұғыл шаралар жайлы мәлімдеме жасады
-
13:55, 28 қаңтар 2026
Мұхит түбінен «Жоғалған қала» табылды
-
13:47, 28 қаңтар 2026
Қазақстан «Лукойл» акциясын сатып алу құқығын пайдалануға дайын





