Референдум - 2024: Сайлаушылар саны бойынша көш бастаған өңірлер аталды

16:27, 6 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова

Қазақстанда атом электр стансасын салуға қатысты референдумға 7 миллионнан астам қазақстандық, яғни сайлаушылардың 57,68 пайызы дауыс берді. Мұндай мәліметтерді 2024 жылғы 6 қазанда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анастасия Щегорцова 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының % бюллетень алғанын атап өтті.

"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 7 062 358 азамат бюллетень алды", — деді ол.

Өңірлер бойынша дауыс берген қазақстандықтардың саны пайызбен есептегенде келесідей бөлінді:

1. Абай облысы бойынша – 58,12 %

2. Ақмола облысы бойынша – 63,50%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41 %

4. Алматы облысы бойынша – 64,09 %

5. Атырау облысы бойынша – 56,61 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58 %

8. Жетісу облысы бойынша – 58,86 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86 %

10. Қостанай облысы бойынша – 67,57 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,70 %

13. Павлодар облысы бойынша – 58,70%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%

15. Түркістан облысы бойынша – 70,73 %

16. Ұлытау облысы бойынша -63,85 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33 %

18. Астана қаласы бойынша – 46,30%

19. Алматы қаласы бойынша – 20,57 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48 %

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!