Реал-Вильярреал кездесуі: Диоманде гол соғып, Винисиус алаңнан қуылды

14:58, 11 қазан 2026
MKZ: 1571700

© Фото: zakon.kz

Өткен түні мадридтік "Реал" футбол клубы өз алаңында Ла лиганың 8-туры аясында "Вильярреалды" қабылдап, қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын 62-минутта шабуылшы Ян Диоманде соқты. Бұл 19 жастағы ойыншы үшін корольдік клуб сапындағы алғашқы дебюттік голы болды.

Бұған дейін хабарланғандай, жазда "Реал" оны немістің "Лейпцигінен" 125 млн еуроға сатып алған болатын.

Диоманде гол соққаннан кейін көп ұзамай мадридтік ұжым азшылықта ойнады. Қонақтардың жартылай қорғаушысы Натан Салибті шашынан ұстаған Винисиус Жуниор алаңнан қуылды.

VAR жүйесін қарағаннан кейін бразилиялыққа қызыл карточка көрсетілді.

Осылайша, "Реал" 18 ұпай жинап, Ла лигада үшінші орынға көтерілді.

"Ла Лигадағы алғашқы голымды қарындасыма арнаймын, ол мәңгілік менің жүрегімде. Жақсы матч болды, бұл жеңіске қуаныштымын. "Бернабеуде" ойнау деген мен үшін әрқашан мақтаныш. Бұл - әлемдегі ең әдемі стадион және ең ұлы клуб. Мұнда ойнағанда ерекше сезімде боламын. Енді УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетуді асыға күтемін", – деді Ян Диоманде.

Айта кетейік, Диоманденің қарындасы Роксана бір жыл бұрын белгісіз біреулер оның сусынына қауіпті зат қосып жібергеннен кейін көз жұмған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!