Эр-Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды

13:55, 11 қазан 2026
MKZ: 1571694

© Сурет: unsplash

Эр-Рияд қаласындағы король Халид атындағы халықаралық әуежайған шабуыл жасалып, 12 адам қаза тапты, тағы 309 адам жарақат алды. Бұл ақпаратты жексенбі, 11 қазанда Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

DW мәліметінше, қаза тапқандардың арасында Сауд Арабиясының төрт азаматы, Бангладешке қатысты екі адам, АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан елдерінен бір-бір азаматтан бар. Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл - әуежайға бір апта ішінде жасалып отырған үшінші шабуыл.

Ауруханалар адамға лық толы, жараланғандар жедел жәрдем көліктерімен және тікұшақтармен жеткізілуде.

Шабуыл ескертусіз жасалып, Сауд Арабиясының қауіп туралы хабардар ету жүйесі іске қосылмағаны да нақтыланады. Осы аптада әуе айлағына жасалған алдыңғы екі шабуыл төрт адамның өмірін қиып, саудиялық коммерциялық ұшаққа үлкен зақым келтірген болатын.

Сенбі күнгі шабуылдан кейін барлық рейс Эр-Риядтан басқа жаққа ауыстырылды. Шамамен 8 миллион халқы бар қалаға қызмет көрсететін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Хуситтер ұшақтар Сауд Арабиясының әуе кеңістігінен аулақ болуы тиіс екенін мәлімдеп, оны "әскери операциялар аймағы" деп жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!