Рақымшылық жасалған қылмыскерлер тағы да заң бұзды – ҚАЖК
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков 2026 жылғы 3 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында биыл қанша адамның рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өткен жылы рақымшылық актісіне сәйкес 15 мыңнан астам сотталушының жазасы жеңілдетілгенін еске салды.
"Олардың кейбіреулері бостандыққа шықты, енді бірлерінің мерзім қысқартылды. Алдын ала есептеулер бойынша, биыл 15 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілігеді. Оның ішінде 5 мыңнан астамы бас бостандығынан айыру орындарында, 10 мыңнан астамы пробация қызметтерінде жазасын өтеп жатыр", – деді Қайырбеков.
Ол 2025 жылы рақымшылық жасалып, еркіндікке шыққандардың арасында кейбірі қайта қылмыс жасағанын атап өтті.
"Рақымшылық актісіне сәйкес, өткен жылы 2 мыңнан астам адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, оның ішінде сегіз адам қайтадан қылмыс жасап, жауапқа тартылды. Бұл рецидив ретінде қарастырылады, енді олар амнистияға іліге алмайды", – деп қосты министрдің орынбасары.
Бұған дейін Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілігуі мүмкіндігі жайлы жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:43, 3 маусым 2026
Мәжіліс радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңды қабылдады
-
13:29, 3 маусым 2026
Қарағанды облысында есірткі курьері ұсталып, 287 орама мефедрон тәркіленді
-
13:10, 3 маусым 2026
Жеңілдікпен әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер: көлікті кімдерге сатуға болмайды
-
12:56, 3 маусым 2026
Қаржы министрлігі қазақстандық кәсіпкерлердің деректері тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды
-
12:40, 3 маусым 2026
Никос Христодулидис өзі ұшып келген жолаушылар рейсі жайлы пікір білдірді





