Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетті
© Сурет: Instagram/david_loriya
Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы өкілі Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметінен кетті. Ол федерацияға 2025 жылдың қаңтарында келген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы оның әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.
"Мен бүгін Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымнан кету туралы шешім қабылдадым. ҚФФ президенті Марат Омаров вице-президент қызметімді ары қарай жалғастыра беруімді ұсынды. Алайда біздердің футболды дамытуға қатысты көзқарастарымыз бен кейбір өмірлік құндылықтарымыз сәйкес келе бермейді".Давид Лория
Оның айтуынша, федерациядағы қызметі барысында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, соның арқасында басқарушылық тәжірибе жинақталды, қазақ футболы алдында тұрған мәселелерді терең түсініп, оны қабылдай білген.
Сондай-ақ ол әріптестеріне, клубтарға, өңірлік федерацияларға, жаттықтырушыларға, футболшыларға және отандық футболдың дамуына үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар жанкүйерлерге ерекше ризашылығын жеткізіп, Қазақстан құрамалары мен клубтарына алдағы уақытта жеңістер тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы "Атлетико де Мадрид Қазақстан" футбол академиясына барғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:19, 2 маусым 2026
Елімізде шамамен 6,5 млн адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өткізілді - Ерлан Қарин
-
19:07, 2 маусым 2026
Семейде қойма өртеніп, қаланы қара түтін басты
-
18:51, 2 маусым 2026
Жамбыл облысында кәсіпкер онлайн дәріске байланысты продюсермен соттасты
-
18:36, 2 маусым 2026
Арнайы әлеуметтік төлем: қазақстандықтар жас бойынша жеңілдікке ие бола алады ма
-
18:09, 2 маусым 2026
Ақтөбеде мұнай компаниясынан 6,3 млрд теңге ұрланған: атышулы іске нүкте қойылды





