Семейде қойма өртеніп, қаланы қара түтін басты
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылы 2 маусымда Семей қаласындағы Кошевой көшесінде бір реттік пайдаланылатын тауарлардың көтерме саудасымен айналысатын ЖШС аумағында орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жалын өршіп кеткен.
"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт оқпаны енгізілді. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінмен, жоғары температура және өрт жүктемесінің ауырлығымен күрделене түсті. Сонымен қатар, қағаз өнімдері мен шаруашылық тауарларының көп мөлшерде болуы жалынның үлкен аумаққа тез таралуына себеп болды", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:48, 2 маусым 2026
Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген
-
19:35, 2 маусым 2026
«Алматыда қатты жел тұрады». Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті
-
19:19, 2 маусым 2026
Елімізде шамамен 6,5 млн адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өткізілді - Ерлан Қарин
-
18:51, 2 маусым 2026
Жамбыл облысында кәсіпкер онлайн дәріске байланысты продюсермен соттасты
-
18:36, 2 маусым 2026
Арнайы әлеуметтік төлем: қазақстандықтар жас бойынша жеңілдікке ие бола алады ма





