Кипр президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

20:10, 2 маусым 2026

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 2 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған".

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Атлетико де Мадрид Қазақстан" футбол академиясына барғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!